Accessibility links

Фидель Кастро бүгін 77-ге толып отыр.


Ол әлем бойынша елдің ең жоғарғы билік тұғырында тым ұзақ отырған басшылардың бірінен саналады. Осынша жасқа келгеніне, сондай-ақ оның денсаулығының нашарлығына байланысты қаулаған өсектерге қарамастан Кастро мырза сол бәз-баяғысынша сағаттарға созылатын ұзақ сөздерін төгілтіп, аса қызу еңбек күнін өткізіп, айналасындағыларға өз күш-қуатының әлі де бар екендігін дәлелдеп келеді. Диссиденттерді қуғынға ұшыратып, ұшақ алып қашушы үш кубалықты өлтіргені үшін Европа одағы тарапынан сын астында қалған Куба басшысы бәрібір райынан қайтар емес. Тіпті өткен апталарда ол Испания мен Италия өкімет басшыларына “фашистер” деп ат қойып, айдар тағып тастаған еді. Куба революциясының 50 жылдығында сөйлеген сөзінде ол “Куба өз проблемаларын шешуде Европа одағының көмегіне ділгір емес”-, деп мәселені төтесінен қойды. Кастро билігін құлату үшін АҚШ тарапынан салынған економикалық тиымдар әлі алынып тасталған жоқ-, дейді Ассошиейтед пресс ақпарат агенттігі.
XS
SM
MD
LG