Accessibility links

АҚШ-қа зымыран кіргізбек болған азаматтың соты басталды


АҚШ-қа зымыранды контрабандамен кіргізбек болған британдық азамат Хекмат Лақани сейсенбі күні Ньюарк қаласында қамауға алынған еді. Ол жерден әуеге атылатын ресейлік "Игла" зымыранын әкеле жатқан жерінен қолға түсті. Қару саудагерін ұстау операциясына Британия және Ресей барлау мекемелері қолдау көрсетті. Іске байланысты тағы екі азамат қамауға алынды. Хекмат Лақанидің ісі кеше сотта қарала басталды. Нью Джерси штатының прокуроры Христофер Христи Хекмат Лақаниді айыпты деп тапты: - Лақани мырза байланысып жатқан сыбайластарын террористер деп білді, іске өз еркімен барды. Демек, Хекмат Лақани қаруды АҚШ-тың коммерциялық ұшақтарына қарсы пайдалануға әрекет жасады. Істеп жатқан ісін ол толық сезінді. Президент Джордж Буш Хекмат Лақанидің ұсталғаны іске қосылған қауіпсіздіктің жаңа шараларын көрсетіп отыр деп сипаттады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG