Accessibility links

Тэгу қаласында ашылатын Дүниежүзілік студенттер ойыны кезінде террорлық шабуыл болуы мүмкін.


Оңтүстік Кореяның арнайы қызметі бүгін Тэгу қаласында ашылатын Дүниежүзілік студенттер ойыны кезінде террорлық шабуыл болуы мүмкін екенін ескертіп отыр. Арнайы қызмет өкілдері бұл ислам екстремистерінің шабуыл жасау нысаналары қатарында Тэгу стадионы да бар екені туралы ақпаратты шетелден алғандарын айтуда. Студенттік ойындарға қатысушыларды қорғау үшін 175 мың полицей тартылып отыр. Бұл ойындарға 172 елден келген бірнеше мың спортсмен қатысады.

Үкілі-ай Бестай
XS
SM
MD
LG