Accessibility links

Сайлау алдындағы науқан


Мәслихаттар сайлауының басталуына 26 күндей уақыт қалды. Республикада сайлау алдындағы науқан жүріп жатыр.

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиеваның сөзіне жүгінсек, сайлау науқаны барысында депутаттыққа үміткерлердің арыз-талаптарына ерекше назар аударылып отыр.

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиева:

- 65 арыз түсті, оның барлығын орталық сайлау комиссиясының мүшелері тексерді. 65 арыздың тоғызы әлі қаралып жатыр. Оның мағынасы аймақтық сайлау комиссиялары заңсыз өткізбеді, дегенге саяды. Тіркеуден өтпегендерді сайлау комиссиясының қызметкерелірі заңды түрде өткізбеді, барлығы заңды, барлығы дұрыс.

Билік партиясы атанған «Отан» партиясының мүшесі, Қазақстан Парламентінің депутаты Серік Әбдірахманов бұрыңғы сайлаулармен салыстырғанда, күзде өтетін сайлауға халық белсенділік танытатын шығар, деген үмітте.

«Отан» партиясының мүшесі, Қазақстан Парламентінің депутаты Серік Әбдірахманов:

- Халық ұйқыда, соны пайдаланып атқару жүйе, ұйқылы мәслихатты дүниеге әкелмекші. Себебі мәслихат үнсіз болса, жергілікті мәселелерді шешу оңай болады. Бірақ халық барлығын түсініп отырған сияқты, сол себептен сайлау бәсекемен өтетін шығар, деп үміттенемін.

Жалпы, билік партиясы алдағы сайлауда кез-келген мәслихаттағы мүшелерінің санын 50 пайызға жеткізуді көздеп отыр. Бұл мақсатта олар заң бұзушылыққа жол беретініне «Отан» партиясының мүшесі, мәжіліс депутаты Серік Әбдірахманов күмәнді емес.

«Отан» партиясының мүшесі, Қазақстан Парламентінің депутаты Серік Әбдірахманов:

- «Отан» партиясы қазір күшке салып жатыр, дегенді көп айтады, бірақ одан олар ұтылып қалады, ол үлкен қате. Өткен сайлауда «Отан» өтірік өтті, соны қайталамау керек. Партия деген халықтың көңілі, халықты алдамау керек. «Отан» партиясының бағдарламасы өте жақсы, Коммунисттік партияға өте ұқсас, болашақта екеуі қосылама, деген үміт бар менде. «Отан» партиясының айтқанының барлығы дұрыс, енді сол айтылғанның барлығы іске асама, деп ойлаймын. Үстіміздегі жылдың күз маусымында өтетін сайлауда заң бұзушылыққа жол берілетініне Қазақстанның Республикалық халық партиясының атқару комитетінің жетекшісі Әміржан Қосанов күмәнді емес. Бірақ оппозиционерлер бұл сайлау заңсыз болды, деп тағы айта алмайды, - дейді Әміржан Қосанов.

Қазақстанның Республикалық халық партиясының атқару комитетінің жетекшісі Әміржан Қосанов:

- Заңсыз ,деп айтуға болмайды, себебі барлығы заң негізінде болып жатыр, бірақ бұл заң режимның талабына сай келіп отыр. Қазақстан үкіметі алдағы сайлауда барлық үміткерлерге бірдей мүмкіндік бермей отырғанын мәжіліс депутаты Төлен Тоқтасынов мемлекетті аралап жүргенде байқаған.

«Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты қоғамдық бірлестіктің саяси кеңесінің жетекшісі Төлен Тоқтасынов:

- Сайлау науқаны басталды, бірақ билік өкілдері кейбір азаматтарды сот арқылы тіркемеді. Кеше Семейлік бір азаматпен сөйлестім, ол азаматтың үстінен әкімшілік іс қозғалған.Өскемендегі қалалық сот, соңынан облыстық сот шешім шығарып, сайлау науқанынан алынып тастады. Соңынан куәгерлермен сөйлестік, олар Өскемендегі бір орыс отбасы екен, бір әйелмен оның қызы. Олардың айтуынша, оларды алдып қол қойғызған. Енді осы мәселемен шұғылданамын.

20 қырқүйек күні өтетін сайлаудың әделеттігіне билік патиясы, яғни «Отан» партиясының мүшесі Серік Әбдірахмановта сенбей отырғанын айтты.

«Отан» партиясының мүшесі, Қазақстан Парламентінің депутаты Серік Әбдірахманов:

- Әділетті түрде өтпейді, себебі халық ұйқыда, сенімсіздікпен қарайды, сайлауға бармай қояды. Сайлауға барған белсенділер, сол немерелерінің, балаларының бюллетендерін салып жібереді, сөйтіп билікке жақын азаматтар өтеді ғой, сондай қауіп бар.

Мәслихаттар сайлауында мәреге тек билікке жақын тұлғалар жетеді, деген ойды, Республикалық халық партиясының атқару комитетінің жетекшісі Әміржан Қосановта растап отыр.

Қазақстанның Республикалық халық партиясының атқару комитетінің жетекшісі Әміржан Қосанов:

- Бұл сайлаудың әділ өтпейтінін, яғни демократиялық талаптарға сай өтпейтінін біле отырып, біз сайлауға халық арасындағы демократия идеяларын тарату үшін қатысып отырмыз.Халыққа Қазақстанның саяси өмірінде болып жатқан оқиғалар жөнінде ашық айтуды көздеп қатыстық. Жалпы мәжіліс депутаты, «Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты қоғамдық бірлестіктің саяси кеңесінің жетекшісі Төлен Тоқтасынов күзде өтетін сайлау әділетті өтеді, дегенге сенбейді.

«Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты қоғамдық бірлестіктің саяси кеңесінің жетекшісі Төлен Тоқтасынов:

- Әділетті өтеді, дегенге сенбеймін, себебі бір күн бұрын мен Өскеменде аудан әкімдерінің бірімен кездестім. Оның айтуынша, Қазақстан Президенті осында келгенде өздеріңе ыңғайлы адамдарды сайлаңдар, деп айтыпты. Жауапкершіліктен қорықпай, өздеріңіне тиымды адамдарды таңдап алыңдар, депті. Сол себептен мен сайлау әділ болады, дегенге сенбеймін.
XS
SM
MD
LG