Accessibility links

БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі халықаралық прокурор әйел Карла дель Понтені ол отырған екі лауазымының бірінен босатуға дауыс берді.


НЬЮ-ЙОРК: Бейсенбі күні БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі халықаралық прокурор әйел Карла дель Понтені ол отырған екі лауазымының бірінен босатуға дауыс берді. Осы күнге дейін Карла дель Понте Руанда және бұрынғы Югославия бойынша халықаралық 2 трибуналдың бас прокуроры болатын. Бейсенбіден бастап ол Югославия бойынша трибуналдың жұмысымен ғана шұғылданатын болды. БҰҰ-ының Бас хатшысы Кофи Аннан Карла дель Понтенің бұрынғы Югославия бойынша трибуналдағы жұмысы үшін келісім-шартты 4 жылға ұзартуды ұсынды. Қауіпсіздік Кеңес - Балқан түбегі елдерін Гаага трибуналымен тығыз байланысқа шақырды. Кеңестің пікірінше, Босния сербтерінің бұрынғы көсемдері Радован Караджич пен Ратко Младич және хорват генералы Анте Һотовина сынды ең басты әскери қылмыскерлерді мейлінше ертерек әділ соттың қолына беру қажет.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG