Accessibility links

Қазақстан жаңалықтары


Ирақтағы тұрақтандырушы күштердің құрамына қамтылған қазақстандық "Қазбат" бітімгершілік батальонының инженерлік-саперлік отряды Ирақтағы тікелей міндетіне кірісіп, 1000-нан астам артиллериялық снарядтарды, 100-ге жуық танкке қарсы және жаяу әскерге қарсы қолданылатын жарылғыш миналарды, сондай-ақ, "ауа-жер" жүйесінде жұмыс істейтін 10 зымыранды залалсыздандырды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен 10 қыркүйекте таратылған хабарламада айтылған-, деп хабарлайды KZ-today агенттігі.

Бүгін Алматыда экологиялық жүйені үлгілендіруге математикалық болжам жасау деген тақырыпта халықаралық конференцияның өтіп жатқанына үшінші күн. Оған әлемнің көптеген елдерінің экология жане математика ғалымдары қатысып, экология мен экономиканың өзекті маселелерін қалайша бірлесіп шешудің мүмкіндіктерін қарастыруда. Бұл халықаралық бас қосу Қазақстан ғарышкерлері мен математиктерінің ұйымдастыруымен өтуде.

Бүгін Қазақстанның орталық аймағындағы Қарағанды қаласында Сарыарқа әуендері атты халықаралық музыка фестивалінің ашылу салтанаты өтеді. Қарағандылық өнер жанкүйерлері дәстүрге айналған халықаралық музыка фестивалінің қонақтарымен, олардың арасында шетелдік белгілі өнер ұжымдарымен бірге, отандық өнер жұлдыздарымен де қауышып, әдемі ән мен әуезді сазға бір апта бойына бөленетін болады.

Семей қаласындағы медицина академиясының екі студенті Эльмира Биахметова мен Наталья Лопатина Жапонияның Нагасаки университетінің арнайы стипендиясына ие болды деп хабарлайды KZ-today агенттігі. Екі оқу орнының арасындағы ынтымақтастық байланыстарына орай, Нагасаки университетінің профессоры Ямашиту Шуничидің айтуынша, мұндай стипендияны қазақстандық академияның үздік оқыған, қоғамдық істерге белсене араласатын стеуденттері төрт жылдан бері иеленіп келеді екен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG