Accessibility links

Тибеттің рухани жетекшісі Далай Ламаның Америкадағы сапары жалғасуда.


Кеше кешке қарай ол Ақ үйде АҚШ президенті Дж.Бушпен кездесті. Кездесуден шыққан соң Далай Лама бұл жүздесудің жылышырайда өткенін айтып, өзін ең бір қатты толғандыратын нәрсе - Тибеттің жергілікті мәдениетін сақтап қалу деген. Ол жергілікті мәдениетті жойып жіберу үшін Қытай тарапынан жасалатын қысымның басым екендігін тілге тиек етті. 1951 жылдан бері Тибетті қол астында ұстап келген Қытай 1959 жылы Қытайдың билігіне қарсы жасалып, сәтсіз аяқталған көтерілістен кейін аймақтан қашып кеткен Далай Ламаны Вашингтонның қарсы алмауын сұраған болатын. Бүгін Далай Лама Американың астанасында ұлттық шіркеуде өтетін 11 қыркүйек шабуылының екі жылдығына арналған рәсімге қатысатын болады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG