Accessibility links

Дүниежүзілік сауда ұйымының мексикалық Канкун қаласында болып өткен Конференциясы сәтсіз аяқталды.


КАНКУН: Дүниежүзілік сауда ұйымының мексикалық Канкун қаласында болып өткен Конференциясы сәтсіз аяқталды. Оған қатысушылар қорытынды құжат бойынша өзара уәжге келе алмады. Әлемнің аграрлық базарындағы бәсекелестік қабылетін арттыру мақсатында дамушы мемлекеттер АҚШ пен Еуропалық Одақтан өз фермерлеріне қаржылау қолдау көрсетуін доғаруды талап етуде. Дамыған елдер, өз кезегінде, өз өнімдері үшін дамушы елдердің тұтынысына қарай кең жол ашуға ұмтылады. Дүниежүзілік сауда ұйымының мәлімдеуінше, ұйымға мүше 146 елдің сауда министрлері желтоқсан айының ортасында тағы бас қосады. Канкундағы сәтсіздікті Ұйым басшылығы – 2004-інші жылдың соңына қарай қол қойылуға тиісті ғаламдық сауда жөніндегі жаңа пакті бойынша бір қадам кейін шегіну деп бағалауда.
XS
SM
MD
LG