Accessibility links

Шанхай ұйымына мүше алты елдің өкімет басшылары бүгін Қытай астанасы Бежінде бас қосуда.


Шинхуа ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда, ақылдасулар соңында Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан өкімет басшылары ортақ мәлімдемеге қол қойып, оны қабылдамақшы. Өкімет басшылары Шанхай ұйымының алғашқы бюджет жағдайын талқыласуда. Сондай-ақ болашақта Тәшкенде орналасатын, террорлық әрекеттерге қарсы жаңа орталыққа бөлінетін қаржы мәселесі де талқылануда. Бас министрлер сонымен қатар ұзақ мерзімге арналған экономикалық мақсаттар жайын да жоспарламақшы дейді Франс пресс ақпарат агенттігі.
XS
SM
MD
LG