Accessibility links

Қазақстанның сыртқы саясат мекемесінің басшысы Елбасының алдағы сапарлары туралы айтты.


Қазақстан сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаевтың бейсенбі күні журналистерге хабарлағанындай, "Алдағы айларда Қазақ елбасының сыртқы саясат саласындағы пәрменді іс-әрекеті басталады". Демек, қараша айының басында президент Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР-ның Боа қаласында өтетін Азия экономикалық форумына қатысады. Одан кейін мемлекет басшысының Сингапур, Филиппин және Оңтүстік Корея республикаларына сапары жоспарланған. Қараша айының соңында Н.Назарбаев Австрия мен Словакияға барады. Австрияда Қазақстан президенті Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымында сөз сөйлеп, халықаралық ұйымдардың басшыларымен кездеседі, сондай-ақ, бірқатар екіжақты келіссөздер өткізеді деп күтілуде. Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықты тереңдету төңірегінде Словакия басшылығымен де келіссөздер жүргізеді деп межеленген.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG