Accessibility links

Болғария алдағы жылы НАТО-ға қабылданғаннан кейін өз қару-жарақ өнеркәсіп саласын одан әрі дамыта түспек.


Қару-жарақ экспорты бойынша комиссия төрағасы Владимир Велиховтың айтуынша, Болғариядағы қару-жарақ экспортының бір жылдық деңгейі 250 млн доллар шамасында екен. Төрағаның ойынша, НАТО-ға кіргеннен соң, болғариялық жоғары білімді әскери мамандар өз қаруларын халықаралық базарда тиімді бағаға сата алуы мүмкін екен. Советтер үстемдігі кезінде Болғария әскери қарудың өзінен жылына 800 млн доллар пайда тауып отырған . Сондай-ақ , ол салада, ол кезде 100 мыңдай адам жұмыс істепті. Бірақ, 1989-жылы қырғи қабақ соғысы аяқталғаннан соң ол өнеркәсіп те тоқтапты.
XS
SM
MD
LG