Accessibility links

АҚШ-тың Калифорния штатының оңтүстігі мен оған жапсарлас Мексиканың аудандарындағы алапат өрт 15 адамның өмірін әкетті.


Мыңнан аса үй толық жанып кеткен. АҚШ елбасы Джордж Буш Калифорнияға көмек көрсетілетіндігі туралы айтты. Өртті сөндіруге мыңдаған өртсөндірушілер жұмылдырылғанмен, әзірше оны ауыздықтау мүмкін болмай отыр. Ең ауыр жағдай Лос-Анжелес, Сан-Диего және Сан-Бернардино қалалары маңыда қалыптасқан. Өртті лаулатып жатқан күшті жел бірте-бірте әлсіреп барады деген үміт бар.
XS
SM
MD
LG