Accessibility links

Біз Еуропада білім алып, атамекеніміз үшін қызмет етуді қалаймыз дейді қазақ шәкірттері.

  • Әбдіғани ЖИЕНБАЙ

Тәуелсіздікке қол жеткізген кейінгі соңғы он жылдай уақыт ішінде талантты да талапты қазақ жастары алыс шет елдерге, Еуропа және Америкадағы белгілі университеттерге барып оқып өз білімдерін шыңдай бастады. Еуропа кіндігіндегі Прага қаласына да білім алу үшін жыл сайын қазақстандық ондаған жастар келеді.

Әбдіғани Жиенбай -

Чехияға қандай мақсатпен келдіңіздер?

Жұлдыз Шалбаева -

Чехия астанасы Прагаға келуден мақсатымыз – бұл жердегі атақты университеттердің бірінде оқып, елімізге қажетті де пайдалы мамандық иесі болу.

Райхан Айтжанова -

Мен дарігер болып отандастарымның денсаулығын сақтау жолында қызмет істесем деймін.

Меруерт Жәнгір қызы -

Мына студент құрбыларым сықылды менің де арман-мақсатым – мемлекетіме қамқоршы болу және бар тілегім – ата - анамның сенімін ақтау.

Жұлдыз -

Осы екі айдан бері біз чех және ағылшын тілдерін оқып үйренудеміз.

Меруерт -

Сонымен қатар сабақтан бос кездерде Чехияның көптеген тарихи жерлерінде болып, ел болмысы, қазіргі хал-жағдайымен де таныстық.

Райхан -

Дайындық курсында оқу үшін төлемақы – 8000 евро.

Жұлдыз -

Бұл жердегі жастар өздерін еркінсезінеді екен.

ӘЖ -

Не үшін оқуға Чехияны таңдадыңыздар?

Назира -

Алдымен Прага – Еуропаның жүрегі, көне қала.

Райхан -

Чехия - Батыс және Шығыс Еуропаның тең ортасында жайғасқан мемлекет.

Меуерт -

Прага - мәдениет, білім, ғылым орталығы.

ӘЖ -

Қазақстан мен Чехия немесе Алматы мен Прага арасындағы қандай айырмашылықты байқадыңыздар?

Назира -

Бұл жерде шылым тартатын қыздар көп сияқты.

ӘЖ -

Атамекендегі құрбы-құрдастарыңызға қандай тілек айтқан болар едіңіздер?

Жұлдыз -

Қазақ жастарының білім деңгейінің өскенін қалаймын.

Назира - Қазіргі экономикалық қиындықтан қаймықпастан жастар өз алдына қойған мақсаттарына жетсе деймін.

Меуерт -

Құпия емес, Қазақстандағы көптеген оқу орындарында парақорлық кең етек жайған. Бұған пара алатын оқытушы, мұғалім де, пара беруші ата-ана мен оқушы да кінәлі. Пара алу және пара беру - үлкен қылмыс.

Жұлдыз - Байқағаным, Прагада пара дегенді білмейді.

ӘЖ -

Чехияда өз ана тілін білмейтін жастарды кездестірдіңіздер ме?

Жұлдыз -

Бұл жердегі жастардың бәрі өз ана тілін жақсы біледі.

Райхан -

Өз басым ана тілін білмейтін жасты кездестірмедім.

Назира - Қазақта мынадай мақал бар. Өз тіліңді өшірме, өшіргенді кешірме, дейді халық.
XS
SM
MD
LG