Accessibility links

“Қазмырыш” ААҚ-ының Тишин кенішінде бір адам опат болды.


Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың баспасөз қызметінен хабарлағанындай, “Қазмырыш” корпорациясының Риддер қаласындағы Тишин руднигінде 45 жасар шахта жұмысшы қаза болып, тағы бір адам ауруханаға жатқызылған. ҚазАқпарат тілшісінің хабарлауынша, оқиға қазанның 29-да болған. Өзі жүретін “Татра” жерасты машинасының қозғалысы кезінде двигатель тоқтап қалып, машина еңіске қарай құлаған. Осының салдарынан кабинада қысылып қалған “Татраның” жүргізушісі оқиға орнында қаза болса, ал, оның қасында отырған 35 жастағы дәнекерлеуші ауыр жарақаттармен ауруханаға жатқызылған. Оқиға бойынша тергеу жүргізілуде.
XS
SM
MD
LG