Accessibility links

Грузиядағы парламент сайлауында берілген дауыстарды есептей келгенде, күтпеген жерден Аджарияның басшысы Аслан Абашидзе партия көш басына шықты.


ТБИЛИСИ: Грузияда жуырдағы парламент сайлауында берілген дауыстарды есептей келгенде, күтпеген жерден Аджарияның басшысы Аслан Абашидзе бастаған “Демократиялық қайта өрлеу одағы” партиясы көш басына шықты. Грузияның Орталық сайлау комиссиясы Аджариядағы дауыс берудің қорытындысын бейсенбі күні ғана алды. Бастапқы есепке сәйкес, осы сәтке дейін президентке жақын “Жаңа Грузия үшін” партиялық бірлестігі мен оппозициялық “Саакашвили және Ұлттық қозғалыс” бірлестігі көш бастап келді. Өткен жексенбіде болған сайлаудың қорытындыларын пысықтау одан әрі жалғасуда.
XS
SM
MD
LG