Accessibility links

Бүгін Палестина парламенті жаңа үкіметтің құрамын мақұлдады.


Парламентте сөз алған палестина премьер министрі Ахмед Курей осы жаңа үкімет Израилге қарсы күш қолдануды тоқтататын болады дей келе өз елін Израилмен ымыраға келуге шақырды және Таяу шығыстағы ахуалды реттеу жөніндегі бейбіт жоспар бойынша халықаралық конференция өткізуді ұсынды. Ал, Палестина жетекшісі Ясир Арафат парламенттегі жолдауында Израиль елі бейбіт өмір сүруге құқы бар деген. - Біз Израиль елін мойындадық, және біз бұл мойындауымыздан қайтпаймыз. Бұл деген өз тәуелсіз елінде тұрып жатқан Палестина халқымен бірге, Израиль азаматтары да қауіпсіз және бейбіт өмір сүруге құқылы, - деген Палестина автономиясының басшысы Ясир Арафат. Ал, Израиль премьер министрінің кеңесшісі оның бұл сөзіне сенбейтінін айтқан.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG