Accessibility links

Аджария республикасының жетекшісі Аслан Абашидзе дүйсенбіде Гүржістандағы билік басына келгендермен қарым-қатынасын үзетінін мәлімдеуде.


ТБИЛИСИ: Бүгін Гүржістанның 1999-ыншы жылы сайланған парламентінің отырысы өтеді. Онда елдің жаңа парламенті және президентін сайлаудың мерзімі тағайындалуға тиіс. Бұрынғы парламенттің отырысын шақыру туралы жарлыққа Гүржістан президентінің міндетін атқарушы Нино Бурджанадзе дүйсенбі күні қол қойды. Грузин заңына сәйкес, жаңа сайлаулар алдағы 45 күннің ішінде өтуге тиіс. Дүйсенбі күні Гүржістанның ішкі істер министрі жаңа билікті өзін кетуге мәжбүрледі деп айыптап, қызметтен бас тартты. Ал Аджария республикасының жетекшісі Аслан Абашидзе дүйсенбіде Гүржістандағы билік басына келгендермен қарым-қатынасын үзетінін мәлімдеуде. Қарым-қатынастар, оның айтуынша, заңды президент сайланғанда ғана қайта орнайтын болады.
XS
SM
MD
LG