Accessibility links

Желтоқсанның 4інде Тәжікстан астанасы Душанбеде Тау өнімдерінің апталығы деген атпен Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстандық қолөнер бұйымдарынан көрме өтеді.


Алты күнге созылатын бұл көрмеге аталған 3 ел қолөнершілерінің экологиялық таза өнімдері қойылмақшы. Көрмеге қойылған ол заттар қатысушыларға сатылатын болады. Қазақсанмен шегаралас аймақ – Батыс Қытайда желтоқсанның 1і күні таңертең болған күшті жер сілкінісінен кемінде 10 адам қаза тапқан, 40 шақты кісі жарақат алған. Шиньхуа агенттігі хабарлағанындай, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданында зілзала күші 6.1 баллға тең болған. Зілзала кіндігі İле-Қазақ автономиялы округінде Чжаосу уездінде болған. Ол жерде 7 жүздей ұй қираған.
XS
SM
MD
LG