Accessibility links

А.Павлов: Қазақстан халқының саны 2003-інші жылы 80 мыңға ұлғайды, бірақ елден кетіп жатқандардың саны 13,5-13,7 мыңға басым.


АСТАНА: Қазақстан халқының саны 2003-інші жылы 80 мыңға ұлғайды. Республика үкіметінің биылғы жылғы жұмысының қорытындыларына арнап Астанада өткізген брифингінде вице-премьер А.Павлов: бұл - елдегі экономикалық ахуалдың жақсаруы арқасында мүмкін болды деп мәлімдеді. Оның айтуынша, республикада сәбилер өлімі төмендеп, керісінше жаңа туған балалардың саны өсе түскен. Елдегі көші-қон үрдісі де оңалып келеді. Әйтсе де елден кетіп жатқандардың саны 13,5-13,7 мыңға басым көрінеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG