Accessibility links

АҚШ зілзаладан зардап шеккен Иранға дәрілік заттар мен құлаған ғимараттар астында қалғандарды құтқаруға қол үшын беретін жұмысшыларды жібереді деп хабарлаған кеше Ақ үй.


Президенттің мәлімдемесінде Иранға 68-75 тонна болатын дәрі-дәрмек пен 200-дей жұмысшы аттандырылады делінген. Жер шарының басқа да ондаған елдері жер сілкінісінен 20 мыңдай адамы опат болып, тағы да 30 мыңдай халық жарақат алған Иранға барынша көмек қолдарын созып жатыр. Иран бірақ Израилдың көмгінен бас тартты. Техран мен Вашингтон арасындағы қарым-қатынас Буш Иранды зұлымдық белдеуі деп атағаннан кейін шиеленісіп кеткен болатын. Жалпы бұл екі ел арасында 1979 жылдан бері ешбір дипломатиялық байланыс жоқтың қасы.
XS
SM
MD
LG