Accessibility links

Қошқар ата көлі Каспийді ластауы мүмкін


6-ші қаңтар күні Қошқар ата көлінің суын зерттеген мамандардың жұмысы аяқталды. Зерттеу барысында мамандар қалдық жинайтын көлдің түбінде адам денсаулығына зиянды заттардың барын анықтаған . Топырақ зерттеуші маман Кәзім Фаизовтың айтуынша, көп жыл бойы жиналған қалдық Каспий суына да жетуі мүмкін.

Кәзім Фаизов, топырақ зерттеуші маман, профессор: - Қошқар ата су қоймасының тұрғанына 40 жыл болған. Ақтау қаласы салынғанда, ағынды суды жинайтын қойма болған. Жалпы көлемі 74 шаршы километр. Көлге жиналған лас су Каспийден алты шақырым жерде орналасқан. Кезінде бұл көлдің қасында Химиялық зауыт болған, бұл радиоактивті темір жинайтын зауыт болған, ал бұл зауыттан аққан су, 40 жыл бойы осы көлге жиналды. Ал 1970-1980 жылдары Ресейден бірнеше вагон радиоактивті қалдық әкелінді, сосын осы көлге төгілді. Бұл өте қауіпті, әсіресе бұл Каспий теңізіне қауіп төндіреді. Енді бұл мәселені облыс жетекшілігі шеше алмайды, себебі облыстың ақшасы аз болады.

«Каспий табиғаты» атты үкіметтік емес ұйымның жетекшісі Махамбет Хакімовтың пайымдауынша, Қошқар ата суы бүгінгі таңда адам денсаулығына әсер етіп отыр.

Махамбет Хәкімов, «Каспий табиғаты» атты үкіметтік емес ұйым жетекшісі: - Жел, ағынды сумен бұл көл зиян тигізіп отыр. Қазіргі кезде Ақтауда түрлі ауруға шалдыққандар көп. Бұл дерттердің басым көпшілігі осы радиация кесірінен шыққан.

Бұл орайда, республиканың Ядролық физика институтының маманы Насуролла Бүртебаев Қошқар ата көлі толығымен зерттеліп бетпеді, дегенді айтады.

Насуролла Бүртебаев, Қазақстан Республикасы Ядролық физика институтының ғылыми қызметкері: - Қазіргі уақытта біз жаңа әдістер арқылы, қоршаған ортаға тиіп отырған зиянын азайтуды көздеп отырмыз.Бұл мақсатта бізге айтарлықтай қаржы бөлінді. Арнайы жоба бойынша, біз арнайы жұмыс істеп жатырмыз, бірақ бүгінгі таңда бұл қаншалықты тиімді болатынын айту қиын.

Мамандардың тұжырымы бойынша, 5-6 жылдан кейін Қошқар ата көліндегі су кебе бастайды, сол себептен мамандар құрамында зиянды қалдығы бар тұз ауаға тарамау үшін түрлі әдістерді қарастырып жатыр.
XS
SM
MD
LG