Accessibility links

Әбділдин: "Таза сайлау өтпей, әділ билік болмайды"


Қаңтардың 7-і күні болған Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Мәжіліс депутаты Серікболсын Әбділдин мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа жолдаған үндеуінде, бүгінде Парламентте талқыланып жатқан “Сайлау туралы” заң жобасына байланысты 5 мәселені көтерді.

Атап айтсақ, Конституцияның 52-і бабының 1- тармағын өзгерту. Онда депутаттар халық алдында толық есеп беруі керек.

Екінші, Парламент депутаттарының санын 150-ге адамға жеткізу. “Бұл әлемдік тәжірибеде бар”- дейді депутат Әбділдин.

Үшінші, сайлау комиссияларының құрамында міндетті түрде партия өкілдері болуы керек.

Ал Төртінші Сайлау кезінде әкімдердің араласуына толық шектеу қою. Сондай-ақ, бесінші мәселе “сайлауды республикалық бюджет есебінен өткізу керек”- дейді депутат Серікболсын Әбділдин.

“Сайлауды бюджеттің қаржысы арқылы өткізсе, ешбір заңсыздыққа жол берілмейді. Осы мәселені мен елбасының қарауына ұсынып отырмын”.

Сенат депутаттарының 7-і Президенттің тағайындауымен депутатыққа өтетіні белгілі. Серікболсын Әбділдиннің айтуынша “бұл тәжірибені алып тастаған жөн”.

“Қазір елбасында бәрі де бар. Конституция да бар, екі палаталық Парламентте бар, Парламентті таратып жіберетін құқы да бар. Барлық депутаттар елбасының тағайындаған Үкіметін қолдайды. Сол себептен Назарбаевқа осы жеті адамның қажеті жоқ. Жалпы 150 депутат болған жөн. Сенат депуттары 32 болып қала берсе, ал 118 мәжіліс депутаты болып, оның жартысын саяси партияларға берсе, қоғамның дамуына, саяси партиялардың дамуына жақсы үлес болар еді. Егер елбасы 150 депутат болуы керек деген ұсынысқа келіссе демократияның дамуына мүмкіндік береді”.

Депутат Әбділдин жоғарыда көтерліген мәселелер бойынша “Сайлау туралы” заң жобасымен жұмыс істеп жатқан жұмыс тобына да ұсыныстар енгіздім дейді.

“Мен бұл ұсыныстарды жұмыс тобына да бердім. Елбасына жазған хат ол дипломатиялық тұрғыдан жазылған мәселе. Ал оған қалай жауап береді, ол Назарбаевтың жеке көзқарасына байланысты. Ал қазіргі даму кезеңінде біздің демократиялық қадамды көбірек жасағанымыз дұрыс”.

Серікболсын Әбділдин мемлекет басшысы оның ұсыныстарын қолдайды деген үмітте.
XS
SM
MD
LG