Accessibility links

«Сөз бостандығын қорғау және жемқорлықпен күрес» деп аталатын митинг өтеді


«Время» газетінің тілшісі Геннадий Бендицкийді қорғауды көздеген қоғамдық комитет, журналистті қорғап ғана қоймай, мемлекеттегі сөз бостандығы мәселесін көтеріп, жемқорлыққа қарсы болып отыр. Геннадий Бендицкийді қорғау жөніндегі қоғамдық комитеттің жетекшісі,әрі «Ақ жол» партиясының тең төрағаларының бірі Болат Әбіловтың айтуынша, журналист Геннадий Бендицкийға қарсы сот процессінің ұйымдастырғандар, мемлекеттегі сөз бостандығына қысым көрсетіп жатыр.

Болат Әбілов, Қазақстанның «Ақ жол» партиясының тең төрағаларының бірі: - Біз Геннадий Бендицкийді қолдау үшін қоғамдық комитет құрдық.Бұл комитеттің құрамында белгілі қоғам қайраткерлері бар. Комитеттің мүшелері бірнеше рет жиналып, Геннадий Бендицкийге қатысты мәселелерді талқылады. Біз журналистке көмек көрсету үшін танымал, кәсіби деңгейі жоғары адвокаттарды жалдаймыз.

Әзірге журналистті қорғау жөніндегі қоғамдық комитет мемлекеттегі саяси партиялар мен қоғамдық бірлестік өкілдері және журналисттерді 7-ші ақпан күні, «Сары Арқа» кинотеатырының жанындағы саябақта сағат 12-де өтетін митингқа шақырып отыр.

Халықаралық «Интерньюс-Қазақстан» ұйымының жетекшісі Олег Кациев 7-ші ақпан күні болатын митигте көтерілетін мәселе- күллі қоғамды толғандыратын мәселе дегенді айтты. Себебі бар шындықты айтатын журналисттер жауапқа тартыла берсе, онда болашақта шындықты айтатын журналист болмай қалады.Қарапайым халық мемлекетте болып жатқан жағдай жөнінде толық қанды ақпарат ала алмайтын болады,-деді Олег Кациев.

«Начнем с понедельника» газетінің жетекшісі Рамазан Есергеповтың ойынша, бұл ең алдымен болашақ ұрпаққа керек дүние.

- Менің ойымша, бұл Геннадий Бендицкийді қорғап қалу үшін жасалып отырған шара емес, бұл біздің балаларымыз үшін ұйымдастырылып отырған шаруа. Біздің балаларымыз емін- еркін ақпарат алуға, емін- еркін сөйлеуге мүмкіндігі болу керек, егер біз қазірден бастап бұл мәселенің шешілуіне ат салыспасақ, болашақта балаларымызға не айтарымызды білмей қаламыз, - деді Рамазан Есергепов.

Геннадий Бендицкийді қорғауды көздеген комитеттің митингісіне журналист Шәріп Құрақпаев баруға дайын, себебі біз бір-бірімізді қолдауымыз керек,- дейді ол.

Шәріп Құрақбаев, журналист: - Үстіміздегі жыл- сайлау жылы. Заң қабылданайын, деп жатыр.Бұл заңның қысым көрсететін жақтары көп. Геннадий Бендицкийдың газеті оппозициялық газет емес, бірақ сондай газеттің өзін қадағалап, бақылауға алып отыр. Бұл газет оппозиция туралы жазған жоқ, бұл басылым белгілі бір топтың жемқорлығын ашты. Ал бұл сайлау кезінде, ірі шенеуніктерге айтарлықтай кедергі болады. Осы ақпаратты жаздырмас үшін, басқаларға ескерту жасау мақсатында осындай қадамға барып отыр шенеуніктер. Енді біз қолдау көрсетуіміз керек. Мұндай жағдай басқада журналисттің басына да түсуі мүмкін, сол себептен біз бірігуіміз керек. Сонда бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң қабылданғанмен, журналисттер мен қарапайым халықпен билік санасатын болады.

Митинг ұйымдастырушылар арнайы резолюция қабылдап, бұл құжатты мемлекет жетекшісіне, парламент депуттарына, және республика прокурорына жіберуді көздеп отыр.
XS
SM
MD
LG