Accessibility links

Иран елшісі БАҚ өкілдерімен кездесті

  • Досан БАЙМОЛДА

Ақпанның 10 і күні Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы төтенше әрі өкілетті елшісі Мұртаза Саффари Алматыдағы Иран елшілігінде БАҚ өкілдерімен кездесіп, осыдан 25 жыл бұрынғы Иранда орын алған төңкеріс, осы төңкерістің нәтижесінде Иранның қол жеткізген жетістіктері жөнінде баяндады. Иран елшісінің айтуынша, осыдан жиырма бес жыл бұрын, 1979 жылы ақпанның 11 күні, Иранда орын алған осы төңкеріс, сондағы халық өмірін, жалпы жағдайды бұрынғыдан басқаша түрге өзгертті. Төңкерістен кейін Иранда жаңа қоғам орнады. Ел басқару мәселесі бір жағынан діни жетекшілердің қолында болса, екінші жағынан азаматтық қоғам құрушылардың қолына көшті. Ел басқару мәселесінде бұл екеуінің арасында тепе-теңдік жағдай сақталды. Иранда халық сайлаған 290 депутаты бар парламент жұмыс істейді. Ел басқарудың ең басында діни жетекші отырса, атқарушы биліктің басында парламент сайлаған президент отырады. Президент ол әрі премьер-министрдің қызметін қоса атқарады. Министрлер кабинеті 22 министрден қүралады. Жоғарғы сот төрағасын президент тағайындайды. Иран елшісі Мұртаза Сафаридың айтуынша, Иран экономикалық салада үлкен жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Иранның жалпы ішкі өнім өндіру өсімі жылына 6 –8 процент аралығында. Қазақстан мен Иран арасындағы қарым-қатынас экономикалық салада соңғы жылдары жедел қарқынмен өркендеп барады. Иран мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы жылына 500 миллион долларға жетіп отыр. «Биылғы жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Иран еліне ресми сапары жоспарланып отыр» деді Иран елшісі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен болған кездесуде.
XS
SM
MD
LG