Accessibility links

Ұлыбритания үкімет басы Тони Блэйр бейсенбі күні Триполи сыртында Ливия көсемі Муаммар Каддафимен кездесті


Ұлыбритания үкімет басы Тони Блэйр бейсенбі күні Триполи сыртында Ливия көсемі Муаммар Каддафимен тарихи кездесу өткізгеннен кейін екі ел арасында жол ашылған жаңа ынтымақтастықты көтере мақтады.

Бейсенбі Триполи сыртында Ливия көсемі Муаммар Каддафи Ұлыбритания үкімет басы Тони Блэйрді қабылдады. Бұл шынында да тарихи кездесу болды. Өйткені бұл Ұлыбритания басшылығының Ливия топырағына 60 жылдан кейін аяқ басып тұрғаны еді. Ливия көсемі Муммар Каддафимен кздесуден кейін Тони Блэйр мәлімдеме жасады: "Полковник Каддафимен кездесу маған қатты әсер етті. Каддафи тек ғана Ливияның ынтымақтастыққа басқан қадамын ғана емес, сондай-ақ, Ливияның болашағы сыртқы әлеммен араласуға байланысты деп біледі. Ол жалғыз Ливияға ғана емес, жалпы араб әлеміне қатер төндіріп отырған Ал –Каидаға , терроризмге , экстремизмге қарсы қарсы бізбен бірге күреспек." деді Британия үкімет басы. Британия үкімет басының Триполиге бұл сапары Ливия 1988 жылғы әуеапатына өтемақы төлегеннен кейін және жойқын қару бағдарламасынан өз еркімен бас тартқаннан кейін орын алып отыр. Тағы да Тони Блэйр сөзіне ден қойып көрелік: "Мен бір нәрсені түсінемін. Халық арасында "сіз өткенді ұмытып қалайша полковник Каффафимен тізе қосып отырсыз?" деушілер болар. Оларға жауабым мынау: менің басты парызым өз елімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету , одан қалса одан да кең әлемнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету" деді Бритнаия үкімет басы. Блэйрдің сапары Британия бизнесі үшін де табысты болды. Патшалық Голланд-Шелл компаниясы Ливия газын іздестіруге Ливия үкіметімен 200 миллион долларлық шартқа отырды. Алайда, Британиядағы оппозициялық Консерваторлар өкілі Майкл Анкрам Ливиямен болып жатқан ынтымақтастыққа соншалықты разы емес.

"Ливияның қарусыздануын қоштау дұрыс, алайда, біз ешқашан, терроризмді қаржыландырған Каддафи құрбандарын ешқашан ұмытпауға тиіспіз" 1988 жылғы Шотландияда қопарылған ұшақта ұлы опат болған американдық Катлин Флин ханым Тони Блэйрдің Триполиге бұ сапары опат болғандардың аруағын қорлау деп біледі. Алайда сол ұшақта жақын-жуықтары опат болғандардың өкілі Джим Свайр болса, Блэйрдің бұ сапарын қоштайды. Өйткені, бұндай ынтымақтастық болашақ ықтимал террористік шабуылдардың алдын алады дейді. Тони Блэйрдің бұ сапары соныңмен батыс пен Ливия арасында ондаған жылдардан бері сіресіп қатқан мұздың жіби бастауы болды.
XS
SM
MD
LG