Accessibility links

Қазақстандағы мектептерде соңғы қоңырау соғылды.


25 мамыр күні Қазақстандағы 8 мың мектепте соңғы қоңырау соғылды. Биылғы мектеп бітірушілер саны 235 366. Олардың 2 мың 819 «Алтын белгіден» үміткерлер.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Жанар Үсіпбекова қанша баланың «Алтын белгіге», қаншасының үздік аттестатқа тапсыратыны бірыңғай ұлттық тест қорытындысынан кейін белгілі болады,-дейді.

Жалпы, биылғы жылдың оқу-білім саласындағы басты жаңалығының өзі – мектеп бітірушілердің алғаш рет бірыңғай ұлттық тестілеу сынағынан өтуі. Олардың жоғарғы оқу орындарына түсу-түспеуі де осы сынақтан кейін шешіледі. Биыл бірыңғай ұлттық тестілеуден өтуге өтініш бергендер 180 мыңға жуық. Олардың қазақ тілінде тапсыратындары 105 мың 915, орыс тілінде тапсыратындары 73 959.

Біраз жылдардан бері ауылды жерлердегі мектеп оқушыларының санының едәуір азаю үрдісі байқалады. Мысалы, жоғарыда айтылғандай, биыл орта мектептерді 235 мыңнан астам оқушы бітіріп шығатын болса, солардың 13 мыңдайы ғана ауыл мектептерінің түлектері. Сонымен қоса, республика бойынша ашылған 134 бірыңғай тестілеу орталықтарының 85-і ауылдық жерлерде.

Ал Астана қаласы бойынша биыл орта мектеп бітіргендер саны 3 мыңнан асады. Астана қалалық Білім департаментінің басшысы Әмірхан Рахымжановтың айтуынша, қазақ мектептерін бітірушілер саны жылдан жылға көбейіп келеді. Қазақ мектептерін көптеп ашу мәселесі де күн тәртібінде тұр. Мысалы, 2004-2005 оқу жылында Астанада ашылатын 4 мектеп мемлекеттік тілде дәріс беретін болады.
XS
SM
MD
LG