Accessibility links

Әл-Жазира телеарнасы Ирақта алты аптадан астам уақыттан бері кепілдікте ұсталып келген үш италияндық түсірілген таспаны көрсеткен.


Жеке күзетшілер ретінде жұмыс істейтін ол үшеуі 12 сәуір күні адам барымташыларының қолына түскен, ал төртіншісі қолға түскен соң көп уақыт өтпей- ақ өлтірілген. Италияндықтарды кепілдікте ұстап отырғандар Италия азаматтарын АҚШ президенті Дж. Буш пен оның одақтасы Италия премьер-министрі Сильвио Берлусконидің саясатына қарсы наразылық білдіруге шақырады.

Бүгін Нью-Йоркте Ирақтың сыртқы істер министрі Хошияр Зебари БҰҰ-ң Қазіпсіздік кеңесімен кездесіп, Ирақтың саяси болашағына байланысты қарар жобасын талқылайтын болады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG