Accessibility links

Қазақстандық су ресурстары шаруашылығы Британдық жобамен басқарылатын болады

  • Мариям БЕЙСЕНҚЫЗЫ

Маусым айының 9-ы күні Алматыда Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті өкілдері мен су шаруашылығын басқару мамандары 2001 жылы Нұра–Есіл өзен су қоймаларына Британ үкіметінің қаржыландыруымен енгізілген “Су шаруашылығы ресурстарын кешенді басқару моделі” жобасының нәтижесін қорытындылады.

Британдық “Су шаруашылығы ресурстарын кешенді басқару моделі” жобасының жетекшісі Тим Ханнан мырзаның айтуынша, бүгінде Қазақстанда су шаруашылығын басқарудың тиімсіздігінен Қытайдан, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан келетін су тиімді пайдаланбау салдарынан ысырап болуда, сол себепті Қазақстанның кейбір аймақтары су тапшылығына кездесіп, тұрғылықты халық сапалы таза су тұтына алмай отыр. Қалалық және өндірістік су шаруашылықтарының гидротехникалық жабдықтарының заман талабына сай келмеуі су ресурстарын тиімді пайдалануға, оны басқаруға өзіндік әсерін тигізуде. Сондықтан Британ үкіметі “Су шаруашылығы ресурстарын кешенді басқару моделі” жобасын ұсынып, оны жүзеге асыруға 1млн.200 мың доллар қаржы бөліп отыр,- дейді аталған жобасының жетекшісі Тим Ханнан мырза.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Әмірхан Кеншімов мырза британдық “су шаруашылығы ресурстарын кешенді басқару моделі” жобасы Нұра-Есіл өзен су қоймаларында нәтижелі жұмыс істеді. Сондықтан болашақта жобаны Қазақстанның ірі 6 өзен су қоймаларына енгізуді қолға алып отырмыз. Аталған жоба арқылы көрші мемлекеттермен су ресурстарын бірлесіп пайдалану мәселелері де реттелетін болады,- деді.

-Суды пайдалану мәселесі Қазақстанда өте күрделі. Өйткені біздің су қорларымыздың басым көпшілігі шет елден келеді. Біздер су ресурстарын пайдалануға байланысты шет елдерге тәуелдіміз. Сондықтан Қазақстанда бар суды қалай пайдалану керек? Табиғатқа, экономиканың түрлі салаларына қалай жеткізу керек? Осы мәселеге мына жүріп жатқан математикалық модель жауап береді.



Әмірхан Кеншімов мырза британдық су ресурстарын кешенді басқару моделі 2007 жылға дейін толыққанды енгізіліп, 2007 жылдан ары қарай аталған жобамен жұмыс істеуге Қазақстандық өзен-су қоймалары дайын болу керек. Алайда бірінші күннен мамандардың жетіспеушілігі алдымыздан шығып отыр, - дейді.



-Бізге математикалық модельді білетін, компьютермен жұмыс істейтін мамандар керек. Осы орайда біздер аталған жобаға қатысушы мамандарды сөзге тартып, пікірлерін білген едік. Шу-Талас өзен су қоймасы басқармасы бастығының орынбасары Ғалымбек Құралбаевтың пікірі мынадай.

-Жобаның өзектілігін уақыт көрсетеді. Орал-Жайық су шаруашылығы басқармасының бастығы Азамат Ерғалиев болса мынадай пікірде.

-Жалпы дүние жүзі бойынша су шаруашылығы саласы жақсы дамыған. Ал Қазақстанда су шаруашылығы саласы кенже қалған сондықтан бұл жоба керек.

Модельдеу деген жоба көп мәселені қарастырады. Техникамен жұмыс жасағанда қай жерге нені тұрғызу керек, қай жерде халық қандай су ішу керек шешіп береді. Қазақстанның су шаруашылығын тиімді пайдалануға ықпал етеді.
XS
SM
MD
LG