Халықаралық Атом Агенттігі МАГАТЭ бүгін Иран бойынша қаулы қабылдады. Қаулы Иранның бұл ұйыммен жұмыс істеу денгейін қатты сынға алды. АҚШ болса МАГАТЭ ге Иран алдына шектеулі мерзім қою керек, сол мерзімнен кейін Иран БҰҰ ның санкциясымен беттесетін болуы керек деп біледі. Алайда МАГАТЭ бұл қаулысында Иранға ондай қатал талап қойған жоқ, оған МАГАТЭ мен ынтымақтастықты жолға қою керек деген ескерту жасады.
Брюсселде бас қосып жатқан Еуроодақ жетекшілері де Иранды МАГАТЭ мен толық ынтымақтасып жұмыс істеуге және өзінің ядролық бағдарламасы бойынша айқындыққа шақырды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Түркістан облысы
"Оқушы қызды жәбірлеген". Зағамбар ауылында не болды?
-
Шығыс Қазақстан облысы
Кеніш үстіндегі Зайсан ауданының ауылдары неге газбен қамтылмай қалды?