Accessibility links

АҚШ, күтпеген жерден, кеше дүйсенбіде, жоспарланған мерзімінен 2 күн алдын Ирақтың уақтынша үкіметіне егемендік құқық беріп жіберді.


АҚШтық уақтынша әкім Пол Бремер Ирақ жетекшілеріне биліктің өткізілгендігі туралы ресми хатты тапсырды. Ал Ирақтың жаңа бас министрі Аяд Аллауи бұл қарапайым салтанат кезінде бұл рәсімнің маңыздылығына тоқталды.

- Бұл Ирақ үкіметі мен Ирақ халқына егемендік құқық берілген тарихи күн, болып қалады, - деді Ирақ бас министрі.

Одан кейін, бірден, Пол Бремер АҚШқа қарай жолға шықты. Оның орнына дүйсенбі күні кешке, АҚШтың Ирақтағы жаңа елшісі болып Джон Негропонте келді.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG