Accessibility links

Бейсенбіге қараған түні Оңтүстік Осетиядағы Ванати деп аталатын грузин ауылында 38 грузин жауынгері тұтқындалды.


Грузин-осетин жанжалы күн өткен сайын ушыға түсуде. Бейсенбіге қараған түні Оңтүстік Осетиядағы Ванати деп аталатын грузин ауылында 38 грузин жауынгері тұтқындалды. Осы аймақтағы ресейлік тыныштықты сақтау күштерінің бас қолбасшысы Святослав Набздоровтың мәлімдеуінше, әлгі оқиғадан кейін аталмыш ауылда күзет посты орнатылған. Ресми Тибилисидің мәлімдеуінше, Эредви мен Тамарешени ауылдарының арасында орналасқан грузин полицейлерінің күзет посты атқыланған. Бірнеше полицейц жараланып, тағы бірнеше полицей із-түссіз жоғалған. Осы саяси дағдарысты талқылау үшін Грузияның мемлекеттік министрі Георгий Хаиндрава бастаған делегация бүгін Мәскеуге келмекші.
XS
SM
MD
LG