Accessibility links

«Казкоммерцбанкке» жасалып жатқан қысымда саяси астар бар ма?


Қазақстандағы ірі банктердің бірі «Казкоммерцбанк» салық мекемесі қызметкерлерінің жүргізген тексеру нәтижесі бойынша, ел бюджетіне төленуге тиісті 4 млрд. тенге, яғни 30 млн. доллар қаржыны қайтаруға тиіс делінді. Алайда, «Казкоммерцбанк» ұжымы бұл қорытындымен келіспей, соттасуға әзір екендіктерін, өздерінің ел бюджеті алдында ешқандай қарыздары жоқ екендіктерін білдіруде. Бұл қарыздар банктің 1999- 2002 жылдардағы қызметіне байланысты жүргізілген тексеру бойынша анықталған.

Дегенмен не банк, не банкты тексерген мекеме қандайда ақпарат беруге құлықсыз. Банкты тексерген салық комитетінің қызметкерлері ешқандайда ақпарат берілмеуін "Азаттық" радиосына қызметтік құпия деп түсіндірді. Жалпы, «Казкоммерцбанктің» басына қара бұлт үйірілуін кейбір сарапшылар «Ақ жол» партиясының қызметі мен Қазақстан президентінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ермұханбет Ертісбаевтың мәлімдемелері себеп болғанын алға тартуда. Дегенмен, салық мекемелері тек «Казкоммерцбанкке» ғана тексеру жүргізіп қоймай, екінші деңгейдегі банктердің бірсыпырасына тексеру жүргізген болатын. Айталық Қазақстанның қаржы жүйесіндегі ірі банктердің бірі «Тұран-Әлем» банкінің бюджет алдындағы қарызы 15 млн. долларға жеткен екен. Алайда, бұл ақпаратты банктін баспасөз қызметкерлері жоққа шығарып, тексерудің әлі жүріп жатқандығын жеткізді. Ресми ақпарат көздеріне қарағанда, салықшылар осы айдың аяғына таман «Казкоммерцбанктен» берешекті өндіріп алуға әрекет етіп жатыр екен.
XS
SM
MD
LG