Accessibility links

ИРАҚТА КӨЗ ЖҰМҒАН АМЕРИКАНДЫҚ ӘСКЕРИЛЕРДІҢ САНЫ 900 АДАМҒА ЖЕТТІ


Ирақтың солтүстігіндегі Самарра қаласының маңында сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні американдық әскерилермен көтерілісшілер арасында қақтығыс болды. Америка әскерилерінің хабарлауынша, көтерілісшілердің шабуылынан кейін, әскерилер оқ ашқан. Нәтижесінде 2 үй қирап,4 ирақтық көз жұмған, 5 адам жараланған. АҚШ әскерилерінің хабарлауынша, сейсенбі күні Анбар провинциясында болған операция барысында 4 американдық сарбаз қаза тапқан. Қазіргі кезде Ирақта көз жұмған американдықтардың саны 900 жетіп отыр.
XS
SM
MD
LG