Accessibility links

Алматыда жаз айларының ішінде минингитке шалдыққан 700 адам тіркелген


Алматы қаласында биылғы жаз айларының ішінде минингит ауыруына шалдыққан 700 жағдай тіркеліп отыр. Барлық тіркелгендер ішіндегі басым көпшілігі балалар. Олар жалпы ауырулардың 88 пайызын құрап отыр. Сырқаттар 4 жас пен 14 жас аралығындағы балалар. Бүгінгі таңда жұқпалы ауырулар бөлімдерінде минингитке шалдыққан деген болжаммен 219 науқас дәрігерлер бақылауында жатыр.

Республикалық санэпидемияалогиалық стансаның мәліметі бойынша бүгінде тек бір Алматының ішінде минингит ауыруына шалдыққан 700 адам тіркелге екен. Бұл осы жаз айларының ішіндегі көрсеткіш. Ауыруға шалдыққандар жасы 7 мен 14 аралығындағы балалар. Осы жас аралығындағы балалар тіркелгедердің 88 пайызын құрап отыр. Бүгінде минингит ауыруына шалдықты деген күдікпен 219 науқас ауыруханада дәрігерлер бақылауынада жатыр. Оның ішінде 184 бала болса, 38 ересек адамдар. Республикалық санэпидемстанциясына осы төңірегінде қандай да бір мәлімет алу мақсатында хабарласқанымызда, басшылардың рұқсатынсыз еш нәрсе айта алмаймыз деумен болды. Ал башылар болса өз орнында болған жоқ. Біз хабарласқан қалалық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз хатшысы төмендегідей жауып берген болатын.

- Бұл ересектерде кездеспейді, балаларда кездеседі. Ал олардың саны қанша дегенге мен жауап бере алмаймын. Себебі оның барлығын СЭС тіркеп, реттеп отырады.

Минингит ауыруы бүгінде тек Алматы емес Қазақстанның басқа да аймақтарында бой көтеруде. Мәселен, Семей қаласының жұқпалы ауырулар ауыруханасының бөлім меңгерушісі Айнагүл Нұртазина бүгінде, өткен бейсенбіні қоспағанда 29 науқас тіркелді. Ал одан бері жалпы минингетке шалдыққандар саны 41-ге жетп қалар дегенді айтты.

Айнагүл Нұртазинаның айтуынша , ауадағы, қоршаған ортадағы вирустардың асқынып , кең таралатын өз кезеңдері болады. Ал мына минингит ауруының жиі кездесуі жаз бен күз айларында екен. Семей ауыруханасында емделіп жатқандар, мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалар.Айнагүл Нұртазинаның айтуынша , олар 5 пен 13 жас аралағындағы балалар.

Ал Республикалық санэпидем стансасының маманы, бүгінде жаңа көсеткіштер келіп түсуде. Біз оларды зерттеп жатырмыз, дегенмен еш ақпарат бере алмаймыз дегенді айтты.
XS
SM
MD
LG