Accessibility links

Грузия әскерлерімен Оңтүстік Осетия жауынгерлерінің арасында бүгін тағыда атыс болды


Адам шығыны жайында мәлімет айтылмады. Бөлінуге бет алған Оңтүстік Осетия республикасының өкілі қықтығысты Грузияның Тамарешени ауылының маңында грузиялық сарбаздар бастап, оқтарын Цхинвали қаласына қарай атты дейді. Грузия полициясының бастығы оқ алдымен Оңтүстік Осетия жағынан атылды дейді.

Грузия қорғаныс министрі Георгий Барамидзе болса Мәскеу сапарын бүгін жалғастырып жатыр. Георгий Барамидзе Ресей қорғаныс министрі Сергей Ивановпен кездесіп, Грузия құрамынан шыққысы келетін Оңтүстік Осетия және Абхазия мәселелерін талқылады.
XS
SM
MD
LG