Accessibility links

Израиль премьер-министрінің ұсынысы талқыланып жатыр


Израильда Ариель Шарон басқаратын Ликуд партиясының жиналысы өтіп жатыр. Жиналыста Ариель Шаронның билік коалициясына Еңбек партиясын қосу жөніндегі ұсынысы талқыланады. Премьер-министрдің ойынша, олай болған жағдайда парламент оның Газа аймағындағы еврей қоныстарын көшіру жөніндегі жоспарын қолдайды. Кеше үкімет Иорданның батыс жағалауында қоныс аударушыларға мыңдаған үй салатынын жариялады. Палестиналықтар бұған наразылық білдірді. АҚШ Израильдың жаңа ұсынысын егжей-тегжей зерттейтінін айтты.
XS
SM
MD
LG