Accessibility links

Алматыда «Сайлау жүйесін жетілдіру» атты халықаралық конференция өз жұмысын аяқтады


Тамыздың 25-26 сы күндері Алматыда, Қазақстанның Орталық Сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «Сайлау жүйесін жетілдіру» деген тақырыпда халықаралық ғылми-практикалық конференция болып өтті.

Конференция жұмысына Ресей, Украйна, Молдова, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Мажарстан, Франция, Италия, Филиппин, Түркия, Польша секілді елдерден келген сарапшылар және де Қазақстандағы халқаралық ұйымдардың өкілдіктері мен саяси партиялардың жетекшілері сондай ақ БАҚ өкілдері қатысты.

«Азаттық» радиосына сұқбат берген Қазақстанның орталық сайлау комиссиясының мүшесі Бахыт Мельдешовтың айтуынша екі күнге жалғасқан конференцияда саясатшылар мен сарапшылар « Сайлау жүйесін қалай жетілдіруге болады» деген тақырып төңірегінде пікір алмасты. Сондай ақ Қазақстандағы және Ресейдегі қазіргі сайлау жүйелерінің жағдайы талқыланып, сайлау процесстеріне жаңа технология кіргізу жолдары қарастырылды.

Конференцияда, сайлау технологиялары жөнінде баяндама қойған ресейлік сарапшы, Ресейдің сайлау құқығы қоғамдық институтының төрағасы Игор Борисовтың айтуынша электрондық дауыс беру жүйесі дәл қәзір Ресейде болсын Қазақстанда болсын бірден қолдануға сәл ертерек. Оған уақыт керек, үлкен дайындық керек, бұл болашақтың жоспары деуге әбден болмақ.

Конференцияда Францияның сайлау жүйесінің ерешеліктері жөнінде сөз алған Францияның ішкі істер министрлігінің саяси мәселелер жөніндегі департамент өкілі Жерар Дюпрен: сайлауды дұрыс өткізу үшін ең басты мәселе сайлауды бақылауды күшті болдыру керек сонда ғана әділ сайлауға қол жеткізуге болады. Ал кезінде Францияда да электронды дауыс беруді кіргізбекші болды, бірақта бұған халық көпішілік яғни сайлаушылар қарсы болды сондықтан ол жүйе қолданысқа кірмеді деді.

Халықаралық конференцияның соңғы қортынды жиналысында Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Бәлиева сөз сөйлеп, Қазақстанның бірқатар сайлау округтерінде биылғы сайлауда осы электронды дауыс беру жүйесінің кіргізілетіндігін жария етті. Осымен конференция өз жұмысын аяқтады.
XS
SM
MD
LG