Accessibility links

Қырғызстан оппозиционерлерінің Конституциялық сот шешіміне көңілі толмай отыр


Қырғызстан азаматтары келер жылдың басында болатын парламент сайлауына дайындалып жатыр. Парламент сайлауы аяқталғаннан кейін қырғызстандықтар желтоқсан айыда республика президентін сайлайды. Сейсенбі күні,яғни қырқүйектің 21 күні Қырғызстанның Конституциялық соты, “Қырғызстанның қазіргі президенті Асқар Ақаев алда болатын сайлауға қатысуға құқығы бар ма?”деген сұраққа байланысты жауабын берді, дәлірек айтқанда анықтамысын шығарды. Жоғарыда аталған сұрақты Конститциялы сотқа оппозиция өкілдері берген болатын. Конституциялық сот бұл парламенттің ісі деген жауап берді.

Қырғызстан оппозиционерлері келер жылдың соңында болатын президент сайлауына Асқар Ақаевтың қатысуға құқығы бар ма әлде жоқ па деген сұраққа нақты жауап ала алмағанына көңілі толмай отыр. Негізінен, Қырғызстанда келер жылы болатын парламент, және президент сайлауы қарсыңында саяси пікір сайыс қыза түсуде. Естерңізге сала кетсек, бұдан бұрын Қырғызстанның президенті Асқар Ақаев келер жылы болатын президент сайлауына қатыспаймын дегенді айтып қалған. Соңынан бұл сөзін қайталамаса да Асқар Ақаев президент сайлауы Конституция талаптары бойынша өтеді дегенді айтқан болатын. Осындай мәлемдемелердің бірін Асқар Ақаев үстіміздегі жылдың шілде айындада жасаған.

Асқар Ақаев, Қырғызстан президенті

- Мен шын мәнінде келер жылы болатын сайлау қалай өтетіні туралы бірнеше рет айтқан болатынмын. Сайлау Конституция талаптарына сай өтеді. Мен өз шешімімді еш уақытта өзгерткен емеспін, -деді Қырғызстан президенті Асқар Ақаев.

Ал Қырғызстан Конституциясы бойынша, Асқар Ақаев президент сайлауына қатыса алмайды. Бұл орайда саясатттанушылар, егер Қырғызстан президеті республиканың ата-заң талаптарын орындап, президент сайлауына қатыспайтын болса, онда Асқар Ақаев Орта Азия елдерінің жетекшілеріне жақсы үлгі көрсетеді деген болатын. Бірақ Қырғызстан оңтүстігінде тұратын кейбір азаматтардан Асқар Ақаев мемлекет басқарудағы мерзімін тағыда ұзартса, деген ұсыныс келе бастады. Соңынан Қырғызстан оппозиционерлері Конституциялық сотқа суал жолдап, қазіргі президенттің келесі сайлауға қатысуға құқы бар ма жоқ пе деген мәселені анықтаысы келген. Қырқүйектің 21 күні Конституциялық сот өз анықтамасын берді.

Шолпон Баекова, Қырғызстан Конституциялық сотының төрайымы:

-

Конституцияның 58 бабы, 3 тапмағының 1 тармақшасы бойынша, Конституция заңдарына анықтаманы Жоғарғы кенеш береді.

Қырғызстан оппозиционерлері ең алдымен, Конституциялық сот билікке бағынышты екеніне тағыда көз жеткіздік, Конституциялық соттың осындай анықтама беретінін біз бұдан бұрында білгенбіз, себебі олар биліктен аса алмайды, деген пікір білдіріп отыр.

Мұратбек Иманалиев, “Ақиқат жаңа прогресс” партиясының төрағасы:

-Конституциялық сот шешімінің бізге тийымды жағыда бар, себебі біз Конституциялық сот басқа бір шешім шығарғанда біз не істерімізді білмей қалар едік. Екіншіден, бізге биліктің алдыға қойған мақасты белгілі болып қалды.

Ресми Бішкектің саясатын қолдайтын саясаткерлер болса, Конституциялық сот билік тарапынан қысым көрген жоқ, шешімді өз бетімен қаблылдады дегенді айтып отыр. Мәселен, мұндай ойды “Жаңа күш” партиясының төрайымы Токон Шайлиева жеткізді.
XS
SM
MD
LG