Accessibility links

Астана дiндарлары мұсылман жыл санауының басталған күнiн атап өттi


Астана мұсылмандары Мұхаммед пайғамбардың Меккеден Мединеге қоныс аударуына байланысты 662 жылдан бергi мұсылман санауының басталған күнiн жұма намазына жиналғандарға паш етiп уағыздар оқыды. Дiн басылары Қазақстанның бас қаласында мұсылмандыққа бет алушылар қатарының көбеюiне шынайы ризашылықтарын бiлдiрiп жатса, жер жиханда болып жатқан террорлық әрекеттерге исламды кiнәлеушiлерге наразылық бiлдiрiп, мешiт пен медiреселердi көбейту - жастарды тәрбиеге шақырудың бiр жолы екендiгiн айтысты.

Қыркүйектiң 24-iнде Астанадағы орталық мешiтте ине шаншар жер болған жоқ. Мешiт iшiнде үш жерде жұма намазы оқылып жатса, оған симағандары сырттағы жайылған кiлемдерге тiзе бүгiп, сәждаға жығыллды. Өзiн Сұлтанмұрат қажы деп таныстырған ақсақалды әңгiмеге тарттық.

«Қазақстандықтардың мұсылман дiнiне шын ниетi ауып келедi. Пайғамбарымыз Мұхаммед ғалейссаламның, Әл Бұхаридiң хадистерiн қазақ тiлiнде оқып түсiнуге жетiстiк «,-дейдi. Ал, Қанапия қажы мұсылмандықтың бес парызының бiрi қажылық. Оны даурықпа, даңқ үшiн модаға айналдыруға болмайды,”-дейдi.

Дiнбасылары қазiргi уақытта саясаткерлердiң ислам дiнiне түрлi бағыттағы экстремистiк ұйымдар мен террорлық әрекеттердi таңуға болмайтындығын айтып отыр. Олар ислам дiнiне шындап мойынсұнғандар ешқандай қанды қол әрекеттерге бармайтындығын, алланың ақ жолымен жүретiндiгiн айтады. Мұндай саясатты жүргiзушiлердiң ислам дiнiн жұртшылыққа құбыжық етiп көрсету арқылы, оның қатарын азайтуды көздейтiндiгiн айыптайды.

Сондай-ақ, оларды жақында Астанада өткен ТМД елдерi басшыларының Саммитiнде Өзбекстан Президентi Ислам Кәрiмовтың экстремистiк ұйымдарды болдырмау мақсатында мешiттер мен медiресе ашуды тоқтату туралы пiкiрiне алаңдаушылық бiлдiрдi. Қайта жастарды нашақорлық, маскүнемдiк, жезөкшелiк, ұрлық секiлдi дiн өкiлiне жат әрекеттерден арашалап қалады деседi. Қадыржан қажы: “ Шариғатты мектеп бағдарламасына енгiзбей нашақорлық, ұрлық, қарлықтан тиылуымыз қиын,-” деген ойды айтады.

Мұсылман жыл санауының басталған күнi мейрамына орай жұма намазына жиналағандарда есеп жоқ. Олар Астанада намазханалардың тым аздығын айта келiп, Есiлдiң сол жағалауындағы құрылысы аяқталып қалған бес мың орындық Ислам орталығындағы мешiттiң ашылуын асыға күтулi.
XS
SM
MD
LG