Accessibility links

Ирақ қаруы бағдарламасына байланысты жасалған басты баяндамада бұл елде былтырғы жылы басталған соғысқа дейін ешқандай химиялық, биологиялық немесе ядролық қару-жарақ болмағандығы айтылып отыр.


Құрама Штаттарының қару-жарақ тексеру комиссиясы басшысы Чарльз Дюлфер АҚШ Сенатының Әскери қызмет комитетіне сәрсенбі күні мың беттен тұратын баяндамасын тапсырған болатын. “Біздің міндетіміз жаппай қырып-жоятын қару-жараққа байланысты мәліметтерді табу еді. Біз қару-жарақ табуға міндеттелген жоқпыз. Біз аталған бағдарламаға байланысты шындықты ашуға міндетті едік”-, деді Дюлфер мырза. Оның айтуынша, Саддам Хусейн 1991-ші жылдан кейін химиялық-биологиялық қаруларының негізгі бөлігін жойған екен. Санкция алынып тасталғаннан кейін оны қайта жасап алармын деген жоспары да болған. Сәрсенбі күні сөйлеген сөзінде АҚШ елбасы Джордж Буш бұл баяндаманы еске алмастан, Ирақ соғысының себептерін ақтап алуға тырысты. “Саддамның жаппай қырып-жоятын қару-жарақтарды лаңкестер қолына беріп жіберу қаупі болды”, деген пікірін білдірді ол.
XS
SM
MD
LG