Accessibility links

Ирақта ең көп адамды ұрлап алып кеткен топқа жататын 7 ер адам бүгін таңертең Ирақтың Киркук қаласында болған тінту шарасы кезінде тұтқындалып, тұтқында кепілдікте отырған 2 Ирақ азаматы босатылды


Ирақ полициясының хабарлауынша, өздерінің болжамы бойынша, Ирақта ең көп адамды ұрлап алып кеткен топқа жататын 7 ер адам бүгін таңертең Ирақтың Киркук қаласында болған тінту шарасы кезінде тұтқындалып, тұтқында кепілдікте отырған 2 Ирақ азаматы босатылды. Олардың жасырынған баспанасынан минаатқыш, тезатар мылтық және гранат сынды қару-жарақтың үлкен қоры аңғарылып, тәркіленген. Ал осы кезде арабтардың Дубаида орналасқан “Әл-Арабиа” телеарнасынан берілген бейнежазбада иорданиялық лаңкес Әбу Мұсаб Әз-Зарқауидің жаугер тобына жататынын мәлімдеген қарулы жігітер кепілдікте отырған түркиялық тұтқынды асып өлтіретіндерін ескертті.
XS
SM
MD
LG