Accessibility links

Ауғанстандағы алғашқы президенттік сайлаудың даусы беру нәтижелері келіп түсе бастады


Сенбі күнгі сайлаудан кейін президент Хамид Қарзайдың бәсекелестері дауыс беру кезінде орын алған бұрмалаушылықтар жөнінде шағым жасаған болатын. Ауғанстандағы БҰҰ бейбітшілік күштері басшысының орынбасары Хади Аннабидің айтуынша, президенттік орынға дауыс берудің түбегейлі нәтижелері кемінде 2 аптаға созылуы мүмкін.

Президент Хамид Қарзайдың сайлаудағы негізгі бәсекелесі бұрыңғы Білім министрі Юнус Қанунидің айтуынша, сайлау бойынша тергеу тексеру жұмыстарынан кейін ол өз шағым арызын қайтарып алуы мүмкін. Ондай арыздар өзге де бәсекелес үміткерлерден түскен. Ал сейсенбі күні БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан Ауғанстандағы алғашқы президенттік сайлаудың бейбіт және тыныш өткендігімен құттықтады.
XS
SM
MD
LG