Accessibility links

Ирақтан келген соңғы мәліметтерге қарағанда, бүгін бұл елде 49 жауынгер, екі жасөспірім, тағы жеті қарапайым азамат және бір Американдық дипломаттың өлімі туралы хабар таратылған


Ирақ полициясы Бақуба қаласынан 50 шақырым оңтүстікте Ирақ жаңа армиясының 49 жауынгерінің мәйітін тапқанын хабарлады. Хабарға қарағанда, белгісіз біреулер 49 жауынгерді етпетінен жатқызып барып атқан. 49 жауынгердің мәйіті кеше және бүгін табылған. Ирақтан келген ендігі бір хабарға қарағанда, Американ әскери ұшақтары бүгін Фаллуджада көтерілісшілердің бекінісі деген күдікпен бірнеше жерге шабуыл жасаған, натижесінде 5 адам мерт болған. Қаладағы аурухана қызметкерлерінің айтуынша, өлген 5 адамның бәрі де әскери емес адамдар. Самарра қаласында бір қыз және бір ұл бала Американ әскерлері мен көтерілісшілер арасындағы атыс астында қалып мерт болған. Ал Құрама Штаттары Мемлекеттік Департаментінің хабарлауынша, Бағдад әуе алаңы маңындағы ракеталық шабуыл салдарынан бір Американдық дипломат мерт болған. Сондай-ақ, Киркук қаласы маңында Түгр өзенінде басы кесілген бір адамның мәйіті табылған.

AzattyqTV

Екінші Елизавета

91 жастағы патшайым

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG