Accessibility links

Сенатор Джон Керри қызмет басындағы президент Бушқа бұл президенттік сайлауда жеңілгенін жариялады


Джон Керри өзінің туған қаласы Бостонда өз қолдаушыларымен кездескенде Огайо штатында сайлаушылардың жеткілікті дауысын алалмағанын мойындады.

-Мүмкіндік болғанда біз бұл күрестен бас тартпаған болар едік. Бірақ барлық дауыстарды санап шыққанның өзінде Огайода бізге берілган дауыс жеткілікті болмайтындығы анық болып қалды, сондықтан біз бұл сайлауда жеңе алмаймыз, - деді үміткер сенатор Джон Керри.

Керри Джордж Бушқа телефон шалып, оны жеңісімен құттықтадым деді.
XS
SM
MD
LG