Accessibility links

Каспий теңізінің Қазақстанға тиесілі аумағында заңсыз балық аулап жүрген әзірбайжандық балықшылар мінген кеме суға батып кетті


Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз хатшысы Қайрат Тарбаевтың айтуынша, қарашаның 11-і күні, таңғы уақыт 03 сағат 30 минутта, Маңғыстау облысындағы Құлалы аралының солтүстік-батысында, Қазақстан Республикасының шекара әскерлерінің “Астана” деп аталатын шекарашылар катері, Каспий теңізінің Қазақстан аумағында жүзіп жүрген белгісіз 3 кемені байқаған. “Аталмыш кемелер шекарашылар жасаған тоқтау белгісіне құлақ аспаған” - дейді Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз хатшысы Қайрат Тарбаев.

Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз хатшысы Қайрат Тарбаев бұл кемелер, Әзірбайжан мемлекетінің азаматтарынікі болып шықты және олар Каспий теңізінің Қазақстанға тиесілі аумағында заңсыз балық аулаумен айналысқан деген мәлімет беріп отыр.

- Олар әзірбайжандық кемелер болып шықты. Бұлардың трюмінен 5-6 тонна бекіре тұқымдас балықтар мен балық айлайьын құралдар табылған

Қазақстандағы Әзірбайжан елшілігі бұл оқиғадан хабарсыз екендігін мәлімдеуде. Әзірбайжанның Қазақстандағы елшілігінің қызметкері Ильхам Заманов бұл оқиға туралы елшіге хабарлайтынынын және оқиғаның мән-жайын анықтайтындықтарын жеткізді.

- Біз ештеңе білмейміз. Бұл туралы сіздерден бірінші рет естіп отырмыз. Мұны міндетті түрде елшіге хабарлаймыз және анық-қанығын анықтайтын боламыз.

Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз хатшысы Қайрат Тарбаевтың айтуынша, теңіздегі соқтығысудың нәтижесінде әзірбайжандық балықшылар мінген кеме де зақымданып, Баутино теңіз айлағына жақын жерде суға батып кеткен.

-

9 адамнан тұратын бұл кеменің командасы Астана катеріне алынып, кемелерін жағаға қарай буксирмен алып келе жатқанда, сағат таңғы 9 дардың шамасында баутино теңіз айлағының маңында суға батып кеткен.

Құрамына шекара әскерлері кіретін Қазақстан республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінің бастығы Кенжеболат Бекназаров болған оқиғаға байланысты мәліметтердің кешірек болатындығын айтып отыр.

- Анықтап жатырмыз, шекараға хабарласқан соң сіздерге хабарласатын боламыз.

Үкіметтік емес “Каспий XXI” деп аталтын экологоиялық ұйымның төрағасы Ибрагим Көшенов “Каспий теңізінің Қазақстандық аумағында әсіресе Әзірбайжан мен Ресей елінің балықшыларының заңсыз балық ауалау оқиғалары жиі кездеседі” - дейді.

-

Екі жыл бұрын Әзірбайжанның кемесі батып кеткен. Ол балықтары шіріп, жағада әлі жатыр. Сосын Ресейден келіп балық аулайтындар бар. Ондай жағдайлар жиі болып тұрады.

Суға батып кеткен кемеден бөлек екі әзірбайжандық кеме Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз хатшысы Қайрат Тарбаевтың айтуынша шекарашылардан қашып үлгерген.

- Екі кеме туралы бізде ешқандай мәлімет жоқ. Соған қарағанда алдыңғы кеме шекара катеріне шабуыл жасағанда, қалған екеуі кетіп үлгерген болуы керек

Үкіметтік емес “Каспий XXI” деп аталтын экологиялық ұйымның төрағасы Ибрагим Көшенов Каспий теңізінің Қазақстанға тиесілі жағында заңсыз балық аулайтын шетелдік кемелердің көпшілігі осылайша жазадан құтылып кетеді деп отыр.

- Былтыр болды сондай жағдай. Заңсыз балық аулаған ресейлік кеме ұсталды деп бар газет жазды. Артынша сол кеме жоқ болып кетті. Соған қарап біздің теңіз шекара қызметі дұрыс жұмыс істемейді деген ой келеді.

Батып кеткен әзірбайжандық кемеде болған 9 адамның тұтқындалғандығы немесе босталғандығы туралы әзірге мәлімет жоқ. Сондай-ақ, батқан кемені шығарып алу жұмыстарының жүргізліп жатқандығы жайлы да хабар келмеді. Арнайы “Азаттық” радиосы үшін Алматыдан Дәнеш Ұзақ
XS
SM
MD
LG