Accessibility links

АҚШ армиясының хабарлауынша, көтерілісшілер өлке әкімінің Мосул қаласындағы кеңсесіне шабуыл жасап, әкімнің 1 оққағарын өлтіріп, басқа төртеуін жаралады


Өткен шілде айында оққа ұшқан өзінен бұрынғы әкімнің орнына отырған Дураид Кашмула аман қалды. Көтерілісшілер бүгін АҚШ әскерінің Мосул қаласындағы базасын минаатқыштың 6 минасымен атқылап, одан ешкім жапа шекпеді. Ирақ полициясының хабарлауынша, көтерілісшілер Бағдадқа, қаланың шетіндегі мұнай өңдеу зауытына және Киркук қаласындағы мұнай өндірісіне соққы берді. Бағдадта қаласындағы 3 автобомбаның жарылысынан кем дегенде жергілікті 7 тұрғын қаза тапты. АҚШ армиясы Әл-Фаллуджа қаласында көтерілісшілердің қалған-құтқан топтарын жоюда.
XS
SM
MD
LG