Accessibility links

Мемлекеттік білім беру несиесі жоғарлады


Республика бойынша 650 мың студент білім алуда, оның 40 мыңы мемлекеттік білім беру кредитімен оқитындар. Мемлекеттік білім беру кредиті 15 жылға пайызсыз беріледі. 2000-2004 жылдар арасында бір студенттің білім алуы орта жылдық есеппен 62 мың теңгеден 120 мың теңгеге өсті. Оқу бағасының қымбаттауы профессор-ұстаздар құрамының айлық жалақысының көбеюі, коммуналдық шығындар, жаңа оқу құралдарын пайдалану және кітапханаларды оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етумен байланысытрылып отыр- дейді Білім және ғылым министрі Жақсыбек Құлекеев: -Студенттерге несие беретін жаңа институттың механизімін жасап жатырмыз. Қазір біз несиені бюджеттің есебінен беріп отырмыз. Болашақта жеке сектрдың ақшасын қарызға алып, оны оқимын деген студенттерге қарызға беруіміз керек. Ол да кемінде он жылоға беріледі. Кейін студент ол ақшаны қайтарып береді. Парламент Мәжілісінң отырыс барысында депутат Серік Әбдрахманов Білім және ғылым министірін бугалтерге теңеді. -Министрі мырза бір сөзіңізде білім сапасы туралы айтпадыңыз. Тек сол ақша жағын баса айтып жатырсыз. Сіз бухгалтер немесе сауда министрі емессіз ғой. Қазақста мақал бар көрпеңе қарай көсіл деген. Сол жүз жиырма мың теңгені қайда жіберетіндеріңді түсінідіріп жатырсыз, бірақ менің көзім жетіп отырған жоқ. Бізде білім сапасы күннен-күнге төмендеп барады. Депутаттың сұрағына жауабында Министр Жақсыбек Құлекеев: Жақсы білім алу үшін көлемді ақша төлеу керек. Егер кімде кім маған профессор-ұстаздарға жақсы еңбекақы төлемей білім сапасын көтеруге болады десе,мен сенбеймін -деді. Жалпы дауысқа қою барасында депутаттардың басым көпшілігі Білім және ғылым министірінің мемлекеттік білім беру кредитін өсіру мәселесіне қолдау көрсетті. Бұл орайда студенттердің пікірін білгенімзде. Еуразия ұлттық университетінің студенті Азамат Жетпісбаевтың пікірінше несие бағасын ортақ пайда түсіру үшін көтеріп отыр. -Ешбір себепсіз жасалдған нәрсе. Әр жерде әртүрлі түсіндіреді. Мысалы Семейдегі жоғары оқу оырндарында несие бағасының көтерілуі мұғалімдердің еңбекақасын көбейту үшін жасалып отыр деп түсіндірсе. Басқа жерлерді бұл инфляцияға байланысты деп жатыр. Бір жылдың ішінде 114 мыңға көтерілетіндей бізде ондлай инфляция болған жоқ қой. Менің ойымша Білім министрі Құлекеев мырза жоғарғы оқу орындарының мүддесін қорғап, солардың тапсырыс бойынша осы мәселені енгізіп отыр. Бұл жерде ортақ пайда түсіру үшін жасалуда. Осы оқу ордасында білім алып жатқан Еркебұлан есімді студент те мемлекттік білім беру кредитін көбейтуді қолдамаймын дейді. -Мен бұған қарсымын. Жалпы бұл мәселені қайта қарау керек. Мемлекет тарпынан жастарға қолдау жасалуы керек. Ұрпақ тағдыры-Білім қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерсайын Ерғожа білім және ғылым министрлігі әдеттегідей қандай мәселе болмасын заңдастырып алған соң ғана халықтың алдына шығарады. Кез-келген нәрсені бірінші өздері заңдастырып алады да, сосын халықтың алдына шығарады.Жалпы оқу процесінде соңғы 1997 жылдан бері жылда қайталанып келе жатқан мәселе. Сол жүз жиырма мыңға көтеру еш негізсіз.Мысалы Алматыдағы техникалық университет жүз сексен мың теңгег көтерді оқу бағасын. Содан профессорлар құрамының жақсарып жатқанын көрмейсің. Енді оқу басталғалы екі ай жиырма төрт күн өткеннен кейін Құлекеев заңдастырып отыр. Министр Жақсыбек Құлекевтің айтуынша несиелік келісім шартқа байланысты соңғы оқу жылы білім алушы студенттер нақты шығын айырмасына қосымша келісімге қол қоюға міндетті. Бүгінде студенттердің 95 пайызы осы келісімге қол қойған. Егер студент мемлекттік білім беру несисін өсіргендіктен бас тартқан жағдайда, бос қалған кредиттің орны ақылы білім алушы студентке беріледі.
XS
SM
MD
LG