Accessibility links

Бағдадтың орталығында бірнеше миномет жарылысы болған


Полиция жарылыстардың бірінде бір Ирақ тұрғыны қаза тауып, тағы бірнешеуі жарақат алды деп айтқан. Алдыңғы берілген хабарларда машинаға қойылған бомба жарылды деп айтылған болатын. Қаланың басқа бір аймағындағы жарылыстан бірнеше адам жараланған. Минометтердің енді біреулері Жасыл аймақ деп аталатын Ирақтың уақытша әкімшілігі мен шетелдік елшіліктер орналасқан ауданда жарылған.

Ирақ қауіпсіздігіне 30 қаңтардағы сайлау алдында ерекше мән беріліп отырғандықтан, АҚШ әскерилері Ирақтағы күштерді қаңтар айының басына қарай 150 мыңға дейін көбейтеміз деп жариялады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG