Accessibility links

«Ауыл әкімдерін сайлау туралы» жарлыққа қол қойылды.

  • Әселім ҚАЛКЕНҚЫЗЫ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ауыл әкімдерін сайлау туралы» желтоқсанның 6-ы күні қол қойылған Жарлығының мәтінінде көрсетілгендей, Орталық сайлау комиссиясына 2005 жылдың тамыз айынан бастап ауыл әкімдерінің сайлауын ұйымдастыру және 2007-і жылға дейін осы сайлауды аяқтау тапсырылды.

«Отан» сасяи партиясының мүшесі, мәжіліс депутаты Бәғилә Баймағамбетованың айтуынша, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ауыл әкімдерін сайлау туралы ұсынысын өзі жетекшілік ететін «Отан» партиясының мүшелерімен өткен жиылыста жариялаған. Аталған отырыс барысында Президенттің ұсынысы қолдауға ие болып, Жарлыққа қол қойған: -Президент өз партиясын жинап, ауыл әкімдерін сайлау туралы ұсынысн айтты. Менің пікірімше көпке созбай ауыл әкімдері сайлауын өткізген дұрыс. Алдағы уақытта аудандық,қалалық әкімдерді де сайлау мәселесін енгізу жоспарда бар дейді депутат Бәғилә Баймағанбетова. -Ол анық мәселе. Алдағы 2006 жылы қалалық,аудандық әкімдерді сайлау мәселесі де енгізілп қалуы мүмкін. Себебі, мемлекет басшысы сол отырысы барысында бұған да тоқталды. Ол үшін біз «Жергілікті өзін-өзі басқару» заңын реттеіміз керек. Мәжіліс депутаты Амангелді Айталы ең алдымен Жергілікті өзін-өзі басқару заңын реттеп алу қажет деген пікірді айтты. -Ауыл әкмідерін сайламас бұрын, Жергілікіті өзін-өзі басқару заңын жан-жақты қарауымыз керек. Бұл заңсыз ол әкімдерді сайлау қиын болады. Онда әкімдердің қызметін кеңейт, олардың бюджетін қарастыру қажет. Әкімдерді сайлаудан бас тартпағанымыз жөн. Депутат Баймағанбетованың пікірінше ауыл әкімдерін сайлау үшін жергілікіті өзін -өзі басқару заңын реттеп алу міндетті емес. -Ауыл әкімдерін сайлау үшін ол заңды қарау міндетті емес. Ең бастысы бюджет қарастырылған ғой. Осы негізгі мәселе. Оппозиционер, Коммунистер партиясының төрағасы Серікболсын Әбділдиннің айтуынша: -Тақыр жерде отырған ауыл әкімдерін қалай сайлаймыз. Ол көптен айтылып келе жатқан мәселе. Ал қазір ауыл әкмідерінің не бюджеті,не меншігі жоқ Ол бос сөз. Біздің көтерген негізгі мәселеміз меншікті түзеу керек.

Қарағанды облысы Шет ауданының Азат шаруашылығы қожалығының жетекшісі Тілеуғабыл Есенбектің ауыл әкімдерін сайлауға байланысты пікіріне тоқталсақ. -Халықтың демократияның не екенін түсінетін уақыты келді. Сондықтан ауыл әкмідерін сайлауға кіріскеніміз жөн. «Қазақстан республиаксының ауылдық округтері, ауылдары және кенттері әкімдерін сайлау туралы» Жарлық жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
XS
SM
MD
LG