Accessibility links

Алматыда «Тор» атты қойылымның премьерасы өтті


Желтоқсанның 15-і күні Алматыдағы Михаил Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында «Тор» атты қойылымның премьерасы өтті. Шығарманың авторы қазақ жазушысы Дулат Исабеков, "Сети дьявола" деген атпен орыс тіліне аударылып қойылған туынды орыстың белгілі жазушысы Михайл Булгаковтың тұлғасына арналды дейді. Сонымен қатар автор, орыс жазушыларының арасынан Михаил Булгаковтың ішкі дүниесі маған жақын болғандықтан болар, бұл туындыны жазуды 10 жылдай уақыт ойластырып жүрдім. Дегенмен, шығарманы жазуға 6-ақ күн кетті дейді.

1933-ші жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Орыс драма театрында бүгігі күнге дейін мыңнан аса қойылымдар қойылған екен.Ол әрине түрлі ұлт шығармаларының туындылары. Солардың ішінде қазақ авторларының да туындылары көрсетіліп отырады. Солардың білрі қазақ жазушысы Дулат Исабековтың «Тор» атты шығармасы «Сети дьявола» деген атпенен желтоқсанның 15-і күні көрермендер назарына ұсынылды. Қазіргі таңда 14 тетрландырылған қойылымдардың авторы Дулат Исабековтың сөзіне қарағанда, орыс театрынан бұрын бұл қазақ тілінде де театр сахнасына қойылған екен.

- Алдымен бұл шығыарма Қостанай облыстық драма театрда қойылған еді. Қостанайдағы көрсетілген қойылым мүлдем көңілімнен шыққан жоқ дейді автор. Ал Алматыдағы Михаил Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында қойылған қойылым жалпы жаман емес дегенмен, кем жақтарыда кездесті деуде.

- Мен 14 сахналық қойылымдар жаздым, барлығы көңілімнен шыға бермеді. Бұл жалыда жаман болған жоқ, біріқ акустикасы жағынан, декорация жағынан кейбір осал жақтары кездесіп жатты. Орыс жазушысы Михаил Булгаковтың тұлғасына арналған бұл шығарманы жазу үшін Дулат Исабеков 10 жылай дайындалып жүрдім дейді. Бірақ шығарманы жазуға 6 –ақ күн кетті. Ал осы орыс жазушыларының арасынан Булгаковтың өмірі неге қызықтырды деген сұраққа автор, оның өмірі менікімен үндес деп жауап берді.

Сөз соңында Дулат Исабебеков болашақта Стилингратты қайта қалпына келтіруге барған 88 қазақ қызының трагедиясы турасында бір туынды жазатын ойым бар деген болатын.
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG